Астана, Қазақстанда EXPO-2017 - Болашақ энергиясы

АСТАНА ЭКСПО 2017

Астанадағы әлемдік көрменің мақсаты - бүкіл әлем бойынша жетекші сарапшыларды жинау және сол уақытта өтіп жатқан көрменің басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» тұжырымдамасын талқылау, сол жаңартылатын көздерден энергия өндіретін технологияларды талқылау болып табылады. Бүкіл әлемдік көрмеге Астанаға келіп жатқан сарапшылар, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімдерді табу үшін, жасыл энергия өндіретін түрлі жолдарын талқылап қана қоймай, сондай-ақ дамушы елдердің проблемалы мәселелерін де талқылайды.

Жаңалықтар

Сәлем жолдау

Orbán Vikor

Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбаннан хабарлама

Құрметті оқырман,

Мен Expo 2017-нің Астанада өтетініне шексіз бақыттымын, өйткені біз венгрлер Қазақстанмен көптеген түйіндермен тығыз байланыстымыз. Географиялық тұрғыда біз бір-бірімізден өте алыс орналасқанымызбен, венгр және қазақ халықтарының тарихи тамыры өте жақын. Бұған таң қалатын түгі жоқ, қазақтардың «Қазақтар мен мадиярлар - бауырлас-қандас ағайындар» - деген мақалы текке шыққан жоқ, бұл қанатты сөзде венгрлер мен қазақтардың туыстығы расталады. Дәл осы себептен қазақстандықтардың жетістігі бізді мақтаныш сезіміне бөлейді.

Ғылыми зерттеулерге қарасақ Торғай өңірінде «мадиярлар» деген ру өмір сүреді екен, бұл рулардың өкілдерінің Венгриядағы Жаз және Ғұн руларымен генетикалық байланысы бар. Осы күнге дейін Карцаг қаласында тұратын Қыпшақ ұрпағы болып табылатын Ғұндар өз ата-тектерін мақтан тұтады.

Қазақстан әлемдегі ең беделді экономикалық және мәдени шаралардың бірін ұйымдастырған Орта Азиядағы бірінші ел болу үшін орасан зор күш салды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірде айтқан «Бәсекелестік жоқ жерде адамдар тыныш ұйықтайды, бірақ кедей болып келеді» деген сөзі мақалға айналды.

Қазақстанның болашағы зор ел екені даусыз, ал Астана болашақтың қаласы. Биылғы Ехроның «Болашақ энергиясы» деген ұраны көрменің мәнін дәл білдіреді. Әр ел өз өмірін, болашаққа қадамын жалғастырғысы келеді, мәселе – қалай алға қадам басатынында!

Дұрыс пікірлі адамдар Жерді жаулап алығысы және қанағасы келмейді. Біз бұл планетаны бізге тартылған асыл сый ретінде қабылдауымыз, оны сақтауымыз және өз ұрпақтарымызға беруіміз керек.

Осы жағымды әсер аясында Expo ұйымдастырушылары мен барлық қазақстандықтарды құттықтай отырып, Expo-ны ұйымдастыру кезінде атқарған тамаша жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді.

Мен әр келушінің шексіз дала еліне сапарын көңілді және мәнді өткізуіне тілектеспін!

Виктор Орбан

Varga Mihály

Ұлттық Экономика Министрі Михали Варгадан хабарлама

Құрметті келуші,

Венгрия елінің, біздің халқымыздың және кәсіпорынның атынан Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған EXPO көрмесіне барлық келушілер мен қатысушыларға сәлем жолдауға рұқсат етіңіздер!

Astana World Expo Венгрия үшін де, барлық қатысушы-елдер үшін де болашақ энергиясы саласындағы өз шешімдерін ұсынатын және өзіміздің әмбебап инновацияларымызды, атап айтқанда ауыл шаруашылық саласындағы, агроөнеркәсіптегі, энергетика саласындағы, құрылыс және техникалық секторлардағы, құрал-жабдық пен автомобиль өнеркәсібіндегі, сонымен қатар туризмге қатысты инновацияларды көрсетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.

Венгрия, 2010 жылғы біздің тұсаукесеріміздің арқасында Еуропадағы ерекше орындардың біріне айналды. Біздің еліміз инвестиция және берік экономикалық қатынастар орнату үшін өте тартымды ел сипатына ие болды, өйткені біздің табыстарымыз басқа елдердің де дамуына жол ашуы мүмкін.

Біздің өндіріс көлеміміз көптеген жылдар бойы өсудің жоғары көрсеткішіне ие болып келеді, еңбек нарығындағы бағыттардан да жақсару айқын байқалады. Біздің кәсіби-техникалық білім беру жүйеміздің өзгеруінің арқасында біз жаңа сынақтарға дайынбыз. Біз тек өнеркәсіптіктік дамудың жан-жақты жоспарын әзірлеп қойғамыз жоқ, сонымен қатар біз оларды белсенді қарқынмен жүзеге асырудамыз.

Қосымша құны жоғары өндірістік секторлардың қолдауының және ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың елеулі артуының арқасында біз өсу қозғалтқышын барынша биік сатыға ауыстыру жолында жұмыс істеудеміз.

Бұдан өзге, біз өзіміздің ЕО-қа мүшелігіміздің және өте қолайлы географиялық орнымыздың пайдасын көрудеміз, сонымен қатар бізде біліктілігі жоғары жұмыс күші мен сәйкесетін инфрақұрылым бар. Венгрия Үкіметі бизнестің мүддесіне бағытталған экономикалық саясат жүргізді, бұл факт де біздің салық салу режимімізбен және экономикалық ынталандырумен расталды.

Біз, венгрлер, Қазақстанға және қазақстандықтарға аса жоғары құрметпен қараймыз, өйткені сіздердің елдеріңіз тәуелділік алғалы соңғы жиырма бес жыл ішінде сіздер орасар зор тарихи маңызға ие жетістіктерге жеттіңіздер.

Біз сіздердің республикаларыңыздың экономикалық дамуына, саяси келісімді сақтауға бағытталған барлық қадамдараңыщзға, сонымен қатар қоғамдық қатынастардағы прогреске құрметпен қараймыз.

Осы кезең ішінде Венгрия Орталық Азиямен барынша тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылды, мен саясаткер және экономист ретінде венгрлік-қазақстандық экономикалық байланысты нығайтудың қысқа жолын дамытуға өз үлесімді қостым. Біздің Astana Expo-ға қатысуымаз да басымдыққа ие ел ретінде Қазақстанға назар аударудың экономикалық саясатының мақсаттарына сәйкеседі.

Қазақстан мен Венгия арасындағы қатынас екі болашағы зор аймақ – Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия байланысын, екі экономикалық жүйе үшін де мол мүмкіндіктер ашатын байланысты бейнелейді.

Қазақстан мен Орталық Азия стратегиялық серіктестер ретінде қаралғандықтан Будапешт пен Астана арасында тікелей рейстердің іске қосылу фактісі біз үшін өте маңызды.

Біз сонымен бірге өзіміздің Астанадағы елшілігіміз, бас консулдығымыз және Алматы қаласындағы Шенген Келісімінің он бір елінің атынан Шенген визасын беретін Венгриялық виза беру пункті арқылы тығызырақ қарым-қатынастарға мүмкіндік жасаймыз.

Венгрия павильонының негізгі тақырыбы – Тірішілік ағашы. Бұл белгі басқалардан өзге, көпжақты өзара қатынасты білдіреді. Біз үшін ЕХРО – біздің халықтарымыздың арасындағы тарихи байланыс пен аса бағалы құндылықтарды бейнелейтін көпқырлы венгерлік мәдениетті және дәстүрлік венгр өнімдерін ұсыну мүмкіндігі.

Венгрия Ұлттық Экономкасының министрі ретінде, мен Astana Expo-ның біздің аймақтарымыз бен елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге жол ашатын бірегей оқиға екеніне сенімдімін.

Михай Варга

Kárteszi Nándor

Экспо-2017 Комиссары Нандора Картезиден хабарлама

Құрметті келуші,

Венгрия атынан осы үлкен шараға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің еліміз өзінің ұлттық қазынасын, мүмкіндіктерін, сонымен қатар өзгермелі әлеміміздегі өздерінің болашаққа деген болжауларын Сіздермен бөліскеніне қуанышты!

Экспо көрмесі дүние жүзіндегі аса қызықты оқиғалардың бірі, бұл шара әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған адамдарды қызықтырады. «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі болашақ энергиясы жаһандық күн тәртібіндегі алғашқы орындардың бірін алуды қамтамасыз етуге ұмтылған сапалы түрдегі жаңа оқиға болып табылады.

Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің тақырыбы келушілер, қатысушылар және ұлттар арасындағы маңызды байланыстырушы тізбегі болып отыр. Болашақ энергиясы бізді байланыстырады, аз дегенде ЭКСПО өтетін осы жазда біз жақындай түсеміз деп айтуға болады.

Венгриялық көрсетілімдер мен экспозициялар біздің шектеулі табиғи ресурстарымызды қалай пайдаланатынымызға арналады. Бұған жаңа энергоүнемдеуші технологияларды және энергияның баламалы көздерін пайдалануға бет бұрған венгр кәсіпорындарын таныстыру жолымен қол жеткізбекпіз.

Біздің міндетіміз «Болашақты құтқару үшін біздің дәстүрлерімізбен танысыңыз» деп аталатын елімізде қол жетімді жасыл энергияның дәстүрлі көздерін пайдалануға негізделген.

Сіздерді ЭКСПО өткізілетін кезеңде болатын біздің дәстүрлі венгрлік мәдени ісшараларымызға шақырғым келеді. Бұл «Хунгарикум» коллекциясы деп аталатын типті венгр өнімдерін ұсынумен сәйкесетін болады.

Көптеген оқиғалармен қатар Венгрлік павильондар Қазақстан мен Венргияда тұратын қыпшақтар арасындағы ескіден келе жатқан дәстүрді одақты бейнелейтін қызықты бағдарламаларда ұсыну кезінде мен сіздерге Қыпшақтар аптасы туралы әңгімелеп беремін.

Қиял мен шабытты оятуға, ынталандыруға дайын болыңыз!

Мен Сіздерге ұйымдастыру командасының атынан сәлем жолдаймын және Сіздердің көпшіліктеріңізді «Астана EXPO-2017» көрмесінде Венгер павильонында көремін деген үміттемін!

Нандор Картесзи

Balaton

Венгрия туризмі

Еуропа орталығына романтикалық турлары.


Венгрия күннен күнге дүние жүзінің әр бұрышының саяхатшылары үшін танымал дестинацияға айналуда. Оның тарихи орындары туралы естіп, оның табиғи ландшафтарының фотосуреттерін көріп, немесе оның гастрономиялық тағамдарын татып көріп, адамдар еліміздің бай мәдениете таңдай қақпай қоймайды, және тағы да, тағы да келу мүмкіндігін асыға күтеді.

Будапеш
Егер Сіз кешкі Будапештте серуенге шыққан болсаңыз аты аңызға айналған көпірлердің бірімен өтпей және Дунайдың екі жағалуындағы шырақтар қойылған дүниежүзілік мұра ескерткіштерін тамашаламай кетпеңіз. Тарихи кофеханаларды және әлемге танымал руин-пабтарды зерделеп қараңыз, сосын таңғажайып спада өзіңіз үшін жаңа ашылуларды жалғастырыңыз. Венгрия астанасында 118 термальді және емдеу бұлақтары бар: Сечени суға түсу орнында ашық аспан астында жылы сулы бассейнде қалқымалы шахмат тақтасында шахмат ойнаңыз, 500 жылдық түрік моншасына түсіңіз немесе шатырдағы гидромассаж ваннасынан Дунай жағалауының көкжиегін тамашалаңыз. Мишлен жұлдыздары бар мейрамханалардан стрит-фудқа дейін – венгр бас-аспаздарының креативтілігі мен дәмді астарының ұмытылмас хош иістердің сізге ұнайтыны күмәнсіз. «Варкерт Базар» сарайынан Будай замогына дейін көтергішке немесе эскалаторға міндетті түрде отыру, Маргит әсем аралымен серуендеу, Дохань көшесіндегі әлемдегі көлемі бойынша екінші синагоганы аралау және Қайта жаңғырту готикалық стилінде тұрғызылған Парламент ғимаратының жанында түнгі селфиге түсу керек.

Балатон көлі

Балатон Орталық еуропадағы тұщы сулы ең үлкен көл. Аймақтаң табиғи және мәдени ерекшеліктері, өткен ғасыр белгілерін осы күнге әкелген тарихи ескерткіштері, тамаша табиғаттың әр келкілігі халықаралық туристтер үшін Балатонды Будапешттен кейінгі танымалдағы жағынан екінші аймаққа айналдырды. Жайпақ белестер, ыстық жазғы күннің жылуымен піскен жүзімнен жасалған хош иісті шараптар, мәдени және гастрономиялық фестивальдер, ұзындығы 125 миль болатын көлді айнала орналасқан велосипед жолдары, көл жағасында ұсынылатын спорттың желкенді және сулы түрлерінің сан қилылығы, сонымен бірге көне вулкандардың жылуын сақтап келген термальды сулар – осының бәрі мұнда жыл бойы көңіл көтеру мен демалысты білдіреді. Балатонның сол жақ жағалауының бойында орналасқан елді мекен бірегей аспаздық жан рахатына бөлейтін, жариялауға лайықты венгрлік Тоскананы жасырғандай, мұндағы оңтүстік жағалаудың таяз суы суға түсу үшін өте қауіпсіз болып келеді және кішкене балалары бар отбасылық демалыс үшін таптырмайтын орын.

Токай

Венгрияның солтүстік шығысында орналасқан Токай шарап жасайтын аймақтың тарихи мәдени ландшафты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі болып табылады. Жайлы шарап жасайтын орындары, концерттері, шараппен жалғасын табатын кешкі астар, велосипедпен және ат арбалармен сапарлар қызықты туризм әуесқойларын күтеді. Ыңғайлынып «Шарапты автобусқа» отырып ал да, жергілікті шарап жертолелерін ашып, әйгілі Токай Асу – жүзім хош иісі аңқыған әлемдегі ең көне ботритизирленген шараптан татып көр; жергілікті Фурминт — Токайда көп өсетін жүзім сұрыбы, ол әлемдегі ерекше ақ шарап жасалатын жүзім, бұл жүзім Токай Асудың да негізігі ингридиенті болып табылады; және Самородни – соңғы жиымның дәстүрлі ақ шарабы. Немесе жергілікті қонақүйлердің бірінен сейілге шығу үшін толық себеп сұраңыз да романтикамен бет-бет айналасыңыз.

Шопрон ижәне Фертё көлі

Шопронның тарихи орталығы, таңғажайып альпілік орта, маңайдағы ақсүйектер сарайлары мен тәкаппар қамалдар қаланы Венгриядағы ең танымал туристік орындардың біріне айналдырды. Бұл аймақ шарап жүзімі өсетін аумақ болып келеді және жергілікті шараптың, әсіресе Кекфранкоштың дәмін татып көру міндетті түрде орындалуы тиіс. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі болып табылатын Фертё ландшафтанда Барокко стиліндегі үйлердің сан қилы үлгілері мен қамыс шатырлы заманауи үйлер ұсынылады. Жерорта теңізін еске салатын таңғажайып реңге ие жүзіммен қапталған дөңестер және басын қар жапқан биік таулар Фертё көлінің (Нойзидль көлі, немісше: Neusiedler See) маңында велосипетпен серуендеуге жетелейді. Сонымен қатар сіз каноэ турлары кезінде табиғаттың тамаша пейзажына қызықтау және құрамындағы минералдардың жоғарлығының арқасында суы шипалы көлге түсу рахатына бөлене аласыз. Сонымен.... сүйіспеншіліктің барлық жерде барын сезіндіңіз бе?

Tree of Life

Венгрия Павильонының тұжырымдамасы

Венгрлік павилионның тұжырымдамасы мәңгілік энергия көзі ретіндегі күн энергиясына, сондай-ақ осы энергияны тимді пайдалануды бейнелейтін өсімдік – Тіршілік ағашына, және оның мінсіз әсер ету механизміне бағатталған.

Күннен түсетін энергияны өсімдік пайдаланады, ал өсімдік болса осы таусылмас энергияны толығымен қайта өңдеуге және сақтауға қабілетті жер бетіндегі жалғыз тіршілік иесі болып табылады. Өсімдік энергиясы ең таза энергия және тіршілік көзі, тек өсімдік энергиясы ғана жансыз ортадан өмір туындатуға және тіршілікке жарамдылығын жоғалтуға жеткен қоршаған ортамызды тазалауға қабілетті.

Тіршілік ағашы тұжырымдамасы жасанды синтездің органикалық құрылымына көшіруге болатын осы жетілген процеске назар аударуға шақырады, бұл ойды зерттеу үшін бассейннің қасиеттерінің арқасында генетикалық әркеліктікті сақтап келген Карпат бассейні ең жарамды орын болып келеді. Павильонға орнатылған Тіршілік ағашы және оның ортасы табиғат сыйлаған осынау таңғажайып процесті бейнелейді және 8 тақырыптың көмегімен ұсынылған.

Венгр павильонында орналасқан Тіршілік ағана 8 негізгі тақырыпқа негізделген:

  1. Жасанды фотосинтез
  2. Энергия
  3. Күш станциясы
  4. Қоршаған орта
  5. Тазалау
  6. Энергетикалық қондырғы
  7. Адами энергия
  8. Рухани Энергия Белгісі

Тіршілік энергиясы қоршаған ортаны ластамайды және ол зерттеудің кең спектрін қамтиды, Венгрия тіршілік энергиясын зерттеулер мен өзінің ресурстарына сүйене отырып, бірегей нәтижелерге қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, Тіршілік ағашы венгр халқы үшін ең көне қасиетті символ болып табылады, бұл символ бізді Орталық Азияның атқа мінген халқының көне дінін жүйелейтін ең негізгі формамен – триадалармен жалғайды.

Тіршілік ағашы келесі санаттардың жақсы мысалы болып табылады: ағаштың ұшар басы аспан сферасын, ағаштың тамыры жер асты әлемін және өткенді, ал ағаш діңі олардың, жер үсті және асты әлемдерінің арасындағы көпірді бейнелейді. Тіршілік ағашы венгр және қазақ мифологиясында, сонымен бірге халық мәдениетінде кездеседі, демек идеологиялық деңгейде ол қазақ және венгр халықтары арасында жалғастырушы байланыстың барын білдіреді.

Венгерлік павильон келушілерге болашақта өзіміздің энергия қорымызды қолдана алатынымызды, сондай-ақ әзірлемелерді, инновациялық және креативтік нәтижелерді, соларға сүйене отырып, зерттеу және жасыл энергияны пайдалану саласында прогреске жетуге болатынын көрсетуді көздейді.

Pavilion programs

Павильон бағдарламасы

Қазақстан мен Венгрия тамаша және ұдайы нығаю үстіндегі мәдени және экономикалық қатынастармен байланысқан, бұл байланыс ерте уақыттардан бері жалғасылып келе жатқан тарихи қоғамдық, этнографиялық және туыстық қатынастар түрінде байқалады. Қазақ және венгр халықтарының ортақ ата-тегі көшпелі халықтар мен рулар болып келеді, олардың «ғұндар, «печенгалар» және «қыпшақтар» ретіндегі ұрпақтары бұл күндері Венгрияда да тұрады. Венгр-қазақ түйісу нүктесінің жақсы мысалы ретінде біздің ортақ сөздерімізді (мысалы: alma — алма, anya — ана, kapu — қақпа, balta — балта, szakáll — сақал) және екі тілдегі ортақ мақал-мәтелдерді («Қызым саған айтам, келінім сен тыңда!») айтуға болады.

Жақсы қарым-қатынастар көптеген жылдар бойы тереңдеу үстінде, өйткені біздің ата-бабамыздың ортақ тарихи тамыры біздің халықтарымызды бір-біріне деген құрметке жетелейді. Венгр павильоны осы дәстүрлерге ЕХРО кезінде де құрмет көрсеткісі келеді, сондықтан қазақ-венгр нақыштары мен жанасу нүктелері мәдени, ғылыми және туристік бағдарламаларда көрініс табады.

Екі халықтың мәдениеті де триадаға негізделген символмен ерекшеленеді. Бұл нақыш Венгр павильонының негізгі тұжырымдамасы ретіндегі тірлішік ағашында байқалады. Тіршілік ағашының тамыры өткенді, ұшар басы – болашақты, ал діңі қазіргі уақытты білдіреді және өткен мен келер күндерімізді жалғастырады. Тұжырымдаманың авторы д-р Ласло Орлоци (dr. László Orlóci), Паннон селекциялық бағдарламасының жетекшісі.

Венгрия павильонда, уақытша және тұрақты көрме аясында қазақстандық және халықаралық серіктестер үшін бағалы экономикалық байланыс болатын венгрлік компаниялар мен кәсіпорындарды ұсынуды маңызды деп санайды.

Венгр павильоны қонақ қабылдаушыларға венгр және қазақ дәстүрін байланыстаратын бағдарламамалырымен қуантқысы келеді, яғни келушілер, мысалы Қыпшақтар күні, сияқты қайталанбас оқиғаларға қатыса алады, онда ясо-ғұн бағдарламалары көрсетіледі және «ғұн-капитандардың» тамашы шеруі күтіледі (Венгр ғұндары Одағының өкілдері). Салт атты саяхатшы Иштван Бенце (István Bencze) Бакуден Астанаға салт атпен, тура Ұлттық күн сахнасына келеді және осы сапарымен өткен уақыттардағы екі халықтың да өмірінде маңызды роль атқарған көшпелі өмірге құрмет көрсетеді.

Венгр павильонында халық музыканты Шандор Чоори (Sándor Csoóri) және орындаушы Миклош Бот (Miklós Both) қазақ және венгр музыкасындағы ортақ және ұқсас элемент болып табылатын бейнелі бас киімін шешу арқылы құрмет көрсететін шын мәнінде бірегей бағдарлама ұсынады. Қорытындалау күні «Ортақ сазбен» деп аталатын аутентикалық қазақ-қыпшақ-ғұн-венгр негізіндегі заманауй музыкалық бағдарлама көрсетіледі, бұл бағдарлама бір мерзгілде дәстүрлі және инновациялық музыкалық әсерге бөлейді және ол осы шара үшін арнайы әзірленген.

Қазақтардың фольклорға сүйіспеншілігін ескере отырып, бағдарламалар пакетіне қазақ мәдени оқиғаларының тұрақты қонақтары болып табылатын «Венгр болмысы» деп аталатын ірі масштабты музыкалық-би композициясы, Тилла Терек пен оның тобы (Török Tilla és zenekara) және Folktrend! командасының премьерасы енгізілген, онда жиналғандар венгрлік сән дизайнерлерінің декоративті-қолданбалы өнер туындаларын тамашалай алады.

Қазақ-венгр байланысын толықтыру мақсатында бағдарлама жоспарына нағыз «хунгарикумдерге» орын берілген, мысалы, көпшілік «Чардаш ханымы» атты каласикалық болып саналатын оперетасынан қойылымдар көре алады, ал «Tárogató és Cimbalom Hungarikum Zenekar» тарагот и цимбаль оркестірінің, сонымен қатар Бихари Яноша «Bihari János Táncegyüttes» би ансамблінің (өткені бай тарихқа ие фольклор негізіндегі би ансамблі) арқасында аутентикалық венгр халық музыкасымен, «Ракоци нота» әндерімен вербункоштармен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Павильон келушілерге тұрақты бағдарлама да ұсынады. Негізгі инсталяция болып табылатын Тірішілік ағашына қосымша Тілектер ағашы қойылады. Ол үшін әр түрлі түрлі-түсті ленталар әзірленеді, олар энергияның әр түрлі баламалы көздерін білдіреді. Павильонда болған барлық келушілер бір лентадан алып, лентаға бекітілген қағазға Венгрияға немесе павильонға арнаған өз тілектерін жазады, немесе Дүниежүзілік көрме тақырыбына байланысты өз ойларымен бөліседі.

«Тілектер ағашына» қосымша болашақты меңзейтін техникалық туындыны - Голо-пирамиданы көруге болады, ол голографиялық әсерге ие 3D-анимацияның көмегімен Тірішлік ағашын көрсетеді. Балаларға арнайы балалар бұрышы ұйымдастырылған, онда балалар тұжырымдамаға үйлесе орналасқан жапырық жинайтын интерактивті ойын мен «шыға берісті табу» логикалық ойыны арасында таңдай алады.

Венгрия инновациялары

Platio image

«Platio» — қалалық жол жамылғысы энергиясы

«Platio» — «Platio» қалалық жол жамылғысынан бөлінетін энергия ешқашан тоқтамайтын қала өмірінің серпінін пайдаланатын әлемдегі алғашқы жол жамылғысы болып табылады. «Platio» әр түрлі тәсілдермен деректер жинауға және талдауға, оларды беруге, тіпті сақтауға қабілетті қала ортасын қайта пайымдау болып табылады, сонымен қатар ол біздің болашақ прогрессивті қалаларымыздың инфрақұрылымдарының негізін қалайды. Оның мақсаты жол жамылғысы деңгейінде перспективалы және экологиялық таза технологияларды шоғырландыруға қабілетті болу, осы қабілеттілігімен энергетикалық тәуелсіздік пен болашақтың қалаларының тұрақтылығына жол ашады.

«Platio» жол жамылғысы жаңа жарнамалық кеңістіктерге, коммуникациялық арналар мен қызметтерге орын қамтамасыз ете алады. Қарапайым, бірақ өзгеретін, клиент өз сұранысына орай жеке сипаттар бере алатын  суреттерді бейнелеуге болады.  

Бұл жол жамылғысы қозғалысы ақпараттық хот-споттар үшін платформаны, қарапайым хабарламалардың смарт-құрылымға жеткізілуін немесе әр түрлі смарт-қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ете отырып,  қарқынды жол қиылыстарының навигациясында көлік реформасына әкеледі. Бұл технология болашағының біздің тікелей ортамыздың  интерпретациясында жаңа өлшем ашатын және сонысымен қол жетімді ақпараттың саны мен бейнелеу формасын шексіз ұлғайтатын голографиялық технологиялық инновацияларға әкелетіні даусыз.  

Байланыс дерегі:

info@platio.cc

https://www.facebook.com/platiopavings

http://www.platio.cc/en

«Litracon» компаниясы - Мөлдір бетон (шыныбетон)

Павильонның негізгі құрал-жабдығы тіршілік ағашы тұжырымдамасаның айналасына топтастырылған нақыштармен және сызықтармен ұсынылған. Осымен қатар жоспарланған сахнаның артқы жағында үнемі қозғалыстағы, өзгергіш, бірегей интерфейс – шыныбетоннан жасалған қабырға пайда болады.

Шыны бетоннан жасалған қабырға футуристтік венгрлік өнертабысы - Арон Лошонци (Losonczi Áron) эксперименттерінің нәтижесінде пайда болған туынды болып  табылады. Ол жарық өткізетін, бетонның беріктігіне ие, жылу мен акустикалық оқшаулауды қамтамасыз ететін материал. Құрылыс элементі немесе шикізаты ретінде бұл материал тұрақты даму тұжырымдамасымен байланысты болуы мүмкін, бұл ретте оның эстетикалық және мәдени ролі павильон интерьерінде маңызды орынды иеленеді.

Шыныбетон цементтен, құмнан, судан және оптикалық талшықтардан тұратын материал, оған патентті өнертапқыш  2002 жылы алған. Содан бері бұл шикізат көптеген сәулет туындаларының маңызды компоненттеріне айналды.

Жарық өткізу қабілетінің арқасында бұл қабырға тұрақтылық тұжырымдамасымен үйлесімді астасады, өйткені энерготиімділік, энергияны тұтынуды азайту, табиғи энергияны пайдалану, табиғи жарықты тиімді пайдалану Экспо тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Осыған қосымша ретінде шыныбетон бір көргеннен-ақ сахна төрінің әсемдігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ оған ақпараттық функция да жүктелген. Күшті өткір шам немесе проектор жарығын бағыттағанда шыныбетон кез келген мәтінді немесе логотипті қалыптастыру және көрсету үшін қажетті мүмкіндік пен кеңістікті қамтамасыз етеді.

Хабарласу дерегі:

info@litracon.hu

www.facebook.com/litracon

http://www.litracon.hu/hu

«Thermowatt Kft.» компаниясы — Қалдықтар жылуын кәдеге жаратудағы инновациячлар

2007 жылы құрылған «Thermowatt Kft.» компаниясы техникалық шешім әзірледі, ол заманауи, экологиялық таза және үнемді тәсілмен ағын су энергиясын алуға және оны үлкен ғимараттарды салқындату мен жылытуға  пайдалануға жол ашады.

Халықаралық инновациялақ марапаттарға лайықты және патенттелген, жылу сорғысына негізделген «Thermowatt» технологиясының мәні келесіде: канализациядан айдалатын ағын су механикалық тазалаудан өткеннен кейін жылу алмастыруға жолданады, содан соң бөлінген қатты бөлшектерімен бірге қайтадан канализацияға түсіріледі. Жылу алмастырғыштың көмегімен бөлінген жылу энергиясын жылу сорғыларының көмегімен қыздыру немесе суыту үшін пайдалануға болады. Бұл технологияның ерекше артықшылығы бір жүйе қыздыруға да, суытуға да пайдаланылатындығанда, оның элементтері мұқият жобаланған және максималды тиімділік пен энергоүнемдеуге жету мақсатына бапталған.

Бүгінде Венгрияда өлшемі 1-ден  3,8 МВт дейінгі әр түрлі жұмыс режиміндегі бес жүйе жұмыс істейді (мәдени орталық, кеңсе ғимараты, зал ғимараты, университет, аурухана), оларды жобалау және құрылысын салу аяқталды және оның ұзақ мерзімді пайдаланылуын  «Thermowatt Kft.» компаниясы қамтамасыз етеді.

Халықаралық марапат алған инновация AR (Augmented Reality - Қосымша нақтылық) қолдауымен ЭКСПО-да көрсетіледі, ол корпоративтік жарнамалық парақшалардың көмегімен барлықтары  үшін және жеке  түрде қол жетімді болады.

Байланыс дерегі:

info@thermowatt.hu

http://www.thermowatt.hu

«EU-FIRE Kft.» компаниясы — Геотермальді электростанцияның пилоттық жобасы

«EGS жүйесінің Оңтүстік-алфёльд  геотермальді электростанциясы» Венгриядағы  алғашқы EGS (Enhanced Geothermal System — жетілдірілген геотермальді жүйе) жобасы болып табылады, онда пионерлік бастама ретінде электр энергиясын өндіру мақсатында оңтүстік-шығыс Венгрияда ыстық, құрғақ геологиялық жыныста геотермальді энергияның жасанды көзін жасайды. Еуропада, АҚШ-да және Австралияда тек бірнеше осындай зерттеулер мен демонстрациялық жобалар  жүргізілуде, бұл  EGS технологиясының жаһандық масштабтағы  көп үміт күттіретін болашағын меңзейді.

Дәстүрлі геотермальдік жүйенің негізгі қатері тиісті параметрлерге ие су қабатын табу-таппау ықтималдығында (бірінші кезекте су ағыны мен температурасына қатысты). Сонымен бірге EGS жүйесі осы проблемаларды жояды, себебі сулы қабаттың орнына жарамды ыстық жартас жынысын іздеу жүргізіледі, мұндай ыстық жыныстар  табиғи гидротермальді резервуарларға қарағанда жиірек кездеседі. ЕО геотермальді энергетиканың болашағы деп саналатын  EGS технологиясын қолдайды. Қазіргі уақытта Брюссельде қаржыландырудың бірнеше көзі ашылды, олар ғылыми зерттеулерге, әзірлемелерге арнайы қолдау көрсетеді және EGS процесінің ілгерілеуіне ықпал етеді.  

EGS жүйесі Венгрияның энергетикалық  портфолиосына таза, жаңғыртымды энергия ретінде қосқан үлесінің мәнмәтінінде орасан зор әлеуетке ие, және осылайша Еуропа Одағы 2020 жылға дейінгі кезеңге  қойған мақсатқа жетуге жол ашады, аталған мақсатқа сәйкес пайдаланылатын энергияның  20% жаңғыртылатын энергия көздерінен түсуі тиіс. Жоба жергілікті қауымның нығаюы мен әлеуметтік дамуында да маңызды роль атқаруы тиіс, себебі қиын жағдайдағы аймақтарда жоба жұмыс орындарын құрады, және жергілікті бизнестің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылық объектілерінің дамуы үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Экспо кезінде «ЕС-Fire Kft.»  компаниясы  жер қойнауында жүріп жатқан процестерді көрсететін қала макетінің көмегімен EGS секторындағы геотермальді энергияның мүмкіндігін де ұсынады. 

Байланыс дерегі:

info@eu-fire.hu  

http://eu-fire.hu

«Elektromotive Kft.» Компаниясы — Электрлік мобильділік

«Elektromotive Hungária Kft.» компаниясы өзінің құрылған сәтінен бастап Вернгияның электрлік мобильділігін қамтамасыз етуге белсене қатысып келеді. «Elektromotive Hungária Kft.» компаниясы елдің әр түрлі нүктелерінде электр автомобильдері үшін қуаттау станцияларының 90% орнатты: Будапештте, көптеген провинциялдық қалаларда және басқа жерлерде. Компания бүкіл спектрде сатудан, орнатудан, пайдалануға өткізуден және пайдаланудан бастап, орталық басқару жүйесі мен биллинг қалыптасқанға дейін қуаттау станцияларының венгрлік инфрақұрылымын жасаудың ең маңызды қатысушысы болып табылады.

Қуаты 50 кВт болатын тез қуаттауға арналған құрал-жабдықтың көмегімен электрлік көлік құралын 15-25 минутта 80 пайызға қуаттауға болады. Тез қуаттауға арналған құрал-жабдық тұрақты токпен де, айнымалы токпен де қуаттауды жүзеге асыра алады және осы уақытта қолданылып жүрген кабельдердің барлығы үшін қосу режимін бар: CHAdeMO, CCS (DC) және  Type2 (AC).  Осы құралдың көмегімен қазіргі уақытта өндірілетін электрлік көлік құралдарының барлығын қуаттау мәселесі шешілді.

Венгрияда «Elektromotive Hungária Kft.» компаниясы электрлік қуаттау инфрақұрылымын жасауда ең үлкен тәжрибеге ие. Қуаттау станцияларына деген үлкен сұранысты ескере отырып, компания көрмеге қатысу барысында өздері өндірген венгрлік қуаттау құрылығысын ұсынады.

Байланыс дерегі:

http://elektromotive.hu

«Törökszentmiklósi Mezőgazdasági Zrt.» компаниясы – «Pannon Breeding» бағдарламасы.

Сұрып сынау бойынша зерттеу бағдарламасы мен отандық әрлеуші ағаш өсімдіктерінің және ішінара шөптесін өсімдіктердің  және түрлер мен сұрыптардың белсенді ингридиенттеріне байланысты культивацияланатын селекцияланған және табиғиландырылған климаттық төзімді және ауруға төзімді коллекциялар бағдарламасы.

Бағдараламаны жүзеге асыру мен қаржыландыруды «Törökszentmiklósi Mezőgazdasági Zrt.» («TM Zrt.») компаниясы, ал кәсіби қадағалауды доктор Ласло Орлоци (Dr. Orlóci László) басшылығымен Лоранд Этвёш («ELTE») атындағы университеттің ботаника бағы қаматамасыз етеді. Жүзеге асыру орны: Тёрёксентмиклош.

Бағдарлама ұлттық генетикалық қорды сақтауға және дамытуға, сонымен қатар континентальді бассейннің сирек климатын пайдалана отырып, сұрып сынау станциясын құруға және қолдау көрсетуге  бағаттылады, бұл станция кейіннен мониторингтің экологиялық станциясы мен оқу орталығы жұмыс істейтін климат пен қоршаған ортаны зерттеудің үлгі ретінде орталықтарының бірі болады.

Хабарласу дерегі:

http://www.pannonbreeding.hu

info@pannonbreeding.hu

«Intertanker Zrt.» Компаниясы — Тұрақты мобильділік

Компанияны құрудың бірінші кезекті мақсаты ақпараттық технология, телекоммуникация қауіпсіздігі, қашықтықтан оқыту және бизнес, сонымен қатар көлікті жетілдіру және электрлік трансмиссия саласындағы консалтинг болды. Үнемі жаңару және белсенді даму үстіндегі компания тек нарықтың өзгеріп отыратын сұранысына ғана ілесіп қоймайды, сонымен қатар заманауи үндеулерге жауап беретін көптеген салалардағы шешімдер қалыптастыруда шешуші рольді өз мойнына алады.

«INTER TAN-KER Zrt.» компаниясы өзінің басым миссиясы үкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, трансұлттық, шағын және орта кәсіпорындардың  жұмысына көмектесетін көлік саласындағы кешені шешімді қамтамасыз ету деп санайды.

Байланыс дерегі:

info@intertanker.hu

http://www.intertanker.hu

Көрме демеушілері мен қатысушылары

MVM (Magyar Villamos Művek Zártkörűen Működő Részvénytársaság, сөзбе-сөз айтқанда: «Венгрия  электроэнергетика компаниясы» Жабық Акционерлік қоғамы) елдегі электроэнегиясының өндірілуі, бөлінуі және сатылуы үшін жауапты  аса ірі энергетикалық компания болып табылады. Компания Венгрия павильонында бүкіл Экспо бойы болады және келесі тақырыптар бойынша өз экспонаттарын қояды:

  • Пакш білім беру орталығы —Пакш қаласындағы дүние жүзіне танымал орталық, ол әлемнің әр тарабынан келушілерді қызықтарды, мұнда электростанцияның жұмысы көрсетіледі.
  • «Пакш саршұнағы» — Пакш қаласының қоршаған ортаны қорғау жобасына арналған фотокөрме.
  • Бірінші электрлік қуаттау құрылғысы.
  • Жаңғыртылатын энергия —  VR көзілдірігі арқылы келушілер жел трубинасының жоғарғы жағынан түсірілген фильмді көре алады. 

Венгрия күннен күнге дүние жүзінің әр бұрышының саяхатшылары үшін танымал дестинацияға айналуда. Оның тарихи орындары туралы естіп, оның табиғи ландшафтарының фотосуреттерін көріп, немесе оның гастрономиялық тағамдарын татып көріп, адамдар еліміздің бай мәдениетіне таңдай қақпай қоймайды, және тағы да, тағы да келу мүмкіндігін асыға күтеді. 

Венгерлік туризм агенттігі  Венгрияның мәдени мұрасы мен табиғат тамашаларын көрсету үшін Экспоға арнап экспозиция әзірледі, осылайша көрмеге келушілер үшін елді тартымды етіп көрсетеді.

Венгр кәсіпорындары баға мен сапаның тамаша қатынасындағы өнеркәсіптің бірнеше саласында жоғары сапалы өнім мен қызметті ұсынады, сондай-ақ ұсынылатын өнім бүкіл дүние жүзі бойынша бәсекеқабілетті болып табылады. «Венгр ұлттық сауда үйі» (ВҰСҮ) ЖАҚ-ның мақсаты халықаралық нарықта лайықты іскерлік серіктестер іздеуде экспортқа қабілетті кәсіпорындарға қолдау көрсету болып табылады. Бұдан өзге, ВҰСҮ екі тарап үшін де өзара пайдалы болып табылатын кедергісіз сауда қызметіне ықпал ету мақсатында өз серіктестеріне мемлекеттік кепілдік ұсынады. Компания ақпараттық тұрақпен қатысады, онда келушілер ВҰСҮ қолдау көрсеткен әр түрлі кәсіпорындар туралы біле алады.

«MOL» тобы  Венгрия, Будапештте штаб-пәтері бар біріккен халықаралық мұнай-газ компаниясы болып табылады. Топ 30-дан астам елде 25 000 адамнан тұратын үнемі жұмыс істейтін халықаралық жұмыс күшіне ие. «MOL» тобы  «Оң өзгерістер энергиясы» болуды көздейді және  өзінің «2030 жылға аяқ басу» деп аталатын ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес «Астана Экспо» көрмесіне энергетикалық компания ретінде өз портфелі аясында тез өзгеретін әлемнің күткендеріне мотор отынынан түсетін табыс үлесін азайту жолымен қалай тез назар аударатынын және пайлық қоғамның күткендеріне қолдау көрсету мүмкіндіктерін ұсынады.

Экспоға қатысатын «MOL Bubi» велосипедтер алмасу жүйесінің демеушілігі барынша тұрақты қала өміріне ықпал етудің тағы бір оң мысалы болып табылады.

Пайдалы ақпарат

Экспо күні

10 Маусым 2017-10 Қыркүйек 2017

Өткізілетін орын

Астана 020000, Қазақстан, ЭКСПО 2017

Венргияның Астана қаласындағы Елшілігі

Космонавттар көшесі, 62, Астана қаласы, Қазақстан 010000

Жүктеулер

Фото

Баспасөз-релиздері

Жуықта...

Хабарласу деректері

Электрондық поштасы
info@astanaexpo2017.hu

Tree of Life image